Лондондағы «World talent award» халықаралық байқауында Жанат Ерманов бірінші орын алды
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен "World talent award" Халықаралық байқауында 71 мемлекеттен қатысқан өнерпаздардың арасында Қазақстан өкілі үздік шығып, бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық байқаудың жеңімпазы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиясының Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов болып табылады.
"GOLDEN TIME TALENT" – шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларға арналған халықаралық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыруда әлемдік көшбасшы жоба. Әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілер, музыканттар, вокалистер, бишілер сынды өнерпаздарды жинап, бақ сынасатын өнер сайысы биыл төртінші рет өткізіліп отыр.
"Дәл осы өнерпаздар додасындағы жеңісімен филармония солисті Жанат Ермановты шын жүректен құттықтаймыз. Жанат Ерманов бұл жеңісін Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің осы жылғы 20 жылдық мерейтойына арнағанын айтты". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:44, 19 қыркүйек 2024
Қорғаныс министрлігінің қызметі кеңейді
-
11:36, 19 қыркүйек 2024
Жұмыссыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы: Қазақстанда кім және қалай көмек ала алады
-
11:27, 19 қыркүйек 2024
Whatsapp арқылы қазақстандықтарды 90 млн теңгеге алдап кеткен алаяқтар ұсталды
-
11:13, 19 қыркүйек 2024
Депутат: Жедел жәрдем кешігіп жетіп, әкемнен айырылып қалдым
-
11:04, 19 қыркүйек 2024
Енді қазақстандықтар әлеуметтік көмекке электронды түрде өтініш бере алады