ШҚО-да психотроптық заттарды буып-түюмен айналысқан күдіктілер ұсталды

16:22, 27 ақпан 2026

© Сурет: ҚР ІІМ

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет-дүкеннің қоймашы – ораушысы ретінде әрекет еткен 22 және 23 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады.

Шұғыл тінту барысында 22 жастағы күдіктіден көк түсті изолентамен оралған, ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар полимерлі пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған заттың жалпы салмағы 498,20 грамм болатын "a-PVP" психотроптық заты екені анықталды.

Екінші күдіктінің жалдамалы пәтерінен тәртіп сақшылары ұқсас ұнтақ тәрізді заты бар пластик ыдысты, сондай-ақ буып-түюге арналған құралдарды — zip-пакеттерді, оқшаулағыш таспаны, электронды таразыны, магниттер мен респираторды тәркіледі.

Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген заттың 168,12 грамм "3-хлорметкатинон" психотроптық заты екені белгілі болды. Осылайша, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 600 грамнан асып, аса ірі мөлшерді құрады.

Анықталғандай, күдіктілер Шығыс Қазақстан облысына басқа өңірден келген. Олар мессенджер арқылы нұсқаулар алып, жалдамалы пәтерді қойма ретінде пайдаланып, тыйым салынған заттарды буып-түюмен айналысқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарды интернет арқылы ұсынылатын күмәнді "жұмыс" ұсыныстарынан сақ болуға шақырады. Мұндай ұсыныстардың артында есірткі бизнесі мен қылмыстық жауапкершілік тұруы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!