Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бадминтоннан Угандада өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Угандада бадминтоннан жасөспірімдер арасында Uganda Junior International 2026 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы аталған жарыста төрт медаль жеңіп алды.
Қыздар арасындағы жұптық сында Диана Наменова мен Алиса Кулешова ел қоржынына алтын медальді салды.
Диана Наменова жекелей сында да күміс жүлдегер атанды. Ал Арнұр Тәпішев пен Мұстафа Мәлікжанов ерлер арасындағы жұптық бәсекеде екінші нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша құрамамыз бір қола медаль еншіледі. Аралас жұптық сында Алиса Кулешова мен Тимур Бурханов үшінші орынға ие болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:30, 26 ақпан 2026
Таеквондодан Болгариядағы турнирде ел намысын кімдер қорғайды
-
20:23, 26 ақпан 2026
Астаналық оқушылар мен студенттер ертең қашықтан оқиды
-
20:16, 26 ақпан 2026
Жүргізушілерге Үлкен Алматы айналма жолындағы өзгеріс туралы ескерту жасалды
-
19:46, 26 ақпан 2026
Қар, тұман, көктайғақ: 27 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:30, 26 ақпан 2026
Атырауда ер адам әлеуметтік желі арқылы адамдарды 3 млн теңгеге алдаған





