Шымкентте бір күнде 51 жұп неке қиюға өтініш берді
© Фото: zakon.kz
2026 жылғы 26 ақпанда Шымкентте 51 жұп неке қиюға өтініш беріп, отбасын құру үшін әдемі әрі "ерекше дата" – 26.02.26 күнін таңдады.
Биыл ақпан айы некеге тұруға сұранысқа ие болды. Әсіресе 26 ақпан күні қалалық АХАТ бөліміне 51 жұп өтініш тапсырған. Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Шымкентте 895 жұп некесін тіркеген. Ал 2025 жылы Шымкентте 7052 неке тіркелген. Некелесу рәсімідері салтанат залында өтті, рәсімді АХАТ қызметкері жүргізеді. Сондай-ақ тұрғындар үшін салтанатты көшпелі тіркеу қызметі қолжетімді.
Айта кетейік, некені тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы – 4 235 теңге. Салтанатты тіркеу қызметі бөлек төленеді. Өтінішті АХАТ бөліміне кемінде 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сондай-ақ өтінішті "ЦОН" мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да беруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:30, 26 ақпан 2026
Таеквондодан Болгариядағы турнирде ел намысын кімдер қорғайды
-
20:23, 26 ақпан 2026
Астаналық оқушылар мен студенттер ертең қашықтан оқиды
-
20:16, 26 ақпан 2026
Жүргізушілерге Үлкен Алматы айналма жолындағы өзгеріс туралы ескерту жасалды
-
19:46, 26 ақпан 2026
Қар, тұман, көктайғақ: 27 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:30, 26 ақпан 2026
Атырауда ер адам әлеуметтік желі арқылы адамдарды 3 млн теңгеге алдаған





