ҚР Энергетика министрлігі 2026 жылы битум экспортына тыйым салмақ
© Сурет: ҚМГ
2026 жылға арналған мұнай өңдеу жөніндегі жоспармен Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ведомствода өткен кеңейтілген алқа отырысында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, 2026 жылға арналған мұнай өңдеу көлемі 18,2 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр, ал 2026 жылға арналған мұнай өнімдерін өндіру жоспары 15,49 млн тоннаны құрайды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қуаттылығы 10 млн тоннаны қамтитын жаңа МӨЗ салу жобасын жеделдетіп іске асыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ПҚОП, АМӨЗ және ПМХЗ-дарда жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу, ПМХЗ-ны 5,5-тен 9 млн тоннаға дейін, ПКОП-ты 6-дан 12 млн тоннаға дейін, АМӨЗ-ді 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін өндіріс көлемін кеңейту бойынша жұмыстарды бастау және елдің ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін битум экспортына тыйым салу жоспарланып отыр", - деді Ақкенженов.
2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 18,4 млн тоннаны құрады, бұл жоспардағы көрсеткіштерден 2,8%-ға артық. Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 15,47 млн тоннаны құрады, өсім 2025 жылғы жоспарға сай 6,3%-ды құрады.
Бұған дейін Қаржы министрлігі еліміздің транзит әлеуетін дамыту басты назарда екенін мәлімдеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:48, 27 ақпан 2026
1-сыныпта оқитын қызға ер мұғалім тиіскен бе? Шымкенттегі мектептердің бірінен шу шықты
-
18:25, 27 ақпан 2026
Елордада полиция ірі көлемдегі «синтетиканы» тасымалдау әрекетінің жолын кесті
-
18:07, 27 ақпан 2026
Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті
-
17:48, 27 ақпан 2026
-41°С. Сенбіде еліміздің екі өңірінде қатты аяз болатыны болжанады
-
17:37, 27 ақпан 2026
Қазақстан ЖЭК саласындағы қытай инвесторларымен жаңа келісімге отырмақ





