Керлингтен аралас командалық сайыстағы Қазақстан чемпиондары белгілі болды

22:05, 26 ақпан 2026

© Сурет: olympic.kz

Астана қаласында керлингтен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін аралас командалық сайыстағы үздіктер анықталады. Нәтижесі мынадай:

  • 1-орын: Астана қаласы командасы;
  • 2-орын: Қостанай облысы;
  • 3-орын: Алматы облысы.

Айта кетейік, жарысқа еліміздің 8 өңірінен 100-дан астам спортшы қатысып жатыр.

Чемпионат Ұлттық құраманы жасақтау, халықаралық жарыстарға іріктеу және кёрлинг спортын өңірлерде дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!