Астаналық оқушылар мен студенттер ертең қашықтан оқиды

20:23, 26 ақпан 2026

© Сурет: unsplash

Ертең, 2026 жылғы 27 ақпан күні астаналық оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, бұған аяздың күшеюі себеп болған.

Астанада үшінші күн қатарынан бірінші ауысымның 0-9 сынып-оқушылары онлайн оқып келген еді. Енді ертең барлық оқушымен қоса студенттер де онлайн оқиды.

"2026 жылғы 27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 27 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!