Дзюдошылар сақадай сай: Қазақстан құрамасының алдағы жоспарлары белгілі болды

18:27, 26 ақпан 2026

© Фото: zakon.kz

Қазақстан дзюдо құрамасы Париждегі Grand Slam турнирін аяқтап, келесі дайындық кезеңіне кірісті. Алдағы жарыс күнтізбесі өте тығыз. Қазақстандық балуандарды бір мезетте екі халықаралық дода күтіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, ұлттық құраманы қысқа уақыт аралығында қатарынан екі ірі турнир күтіп тұр. Алғашқысы 27 ақпан – 1 наурыз күндері Өзбекстанда өтетін Grand Slam турнирі болса, кейінгісі 6–8 наурыз аралығында Австрияда ұйымдастырылатын Гран-при жарысы. Бұл туралы ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!