Қазақстан ЖЭК саласындағы қытай инвесторларымен жаңа келісімге отырмақ
© Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 27 ақпанда ведомствоның кеңейтілген алқалы жиынында жаңартылатын энергетика көздері саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға арнайы тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бүгіндері елімізде жалпы қуаты 3,5 ГВт болатын жаңартылған баламалы энергия көздерінің 162 нысаны жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
"Өндіріс үлесі ел бойынша жалпы генерацияның 7%-ын құрайды. 2025 жылы қуаттылығы 503,5 МВт болатын 9 жаңартылған энергетика стансасы іске қосылды. Жел электр энергиясының өндірісі 8,6 млрд кВт/сағатты құрап, 2025 жылғы жоспарға қарағанда 19,4% өсім көрсетті. Қазақстанда алғаш рет үлкен қуатты жел электр стансасын сату бойынша аукцион өткізілді", - деді Ақкенженов.
Сонымен қатар, Қытайдың халықаралық компаниясымен ірі күн электр станциясын салу туралы келісім жасалды.
"2026 жылға арналған жоспарлар: ЖЭК электр энергиясы өндірісі – 8,8 млрд кВт/сағ, белгіленген жиынтық қуаты 245,8 МВтты құрайтын 10 ЖЭК жобасын іске асыру, Қазақстан Үкіметі мен Қытай инвесторлары арасында энергия жинақтау жүйелерін қамтитын жел электр станциясының (ЖЭС) жобалары бойынша келісімдерге қол қою, сутегі энергетикасын дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасын өзектендіру. Сондай-ақ, "Баламалы энергия көздері туралы" заң қабылдау жоспарланып отыр", - деп толықтырды министр.
Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі 2026 жылы битум экспортына тыйым салғалы отырғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:57, 27 ақпан 2026
СІМ Қазақстан азаматтарынан Иранға барудан уақытша бас тарта тұруды ұсынады
-
18:48, 27 ақпан 2026
1-сыныпта оқитын қызға ер мұғалім тиіскен бе? Шымкенттегі мектептердің бірінен шу шықты
-
18:25, 27 ақпан 2026
Елордада полиция ірі көлемдегі «синтетиканы» тасымалдау әрекетінің жолын кесті
-
18:07, 27 ақпан 2026
Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті
-
17:48, 27 ақпан 2026
-41°С. Сенбіде еліміздің екі өңірінде қатты аяз болатыны болжанады





