Шетелдік азаматтың Қазақстанға келгенін үш жұмыс күні ішінде хабарлау қажет
© Фото: pixabay
Шетелдік азаматты қабылдаған тарап оның Қазақстанға келгені туралы ішкі істер органдарына үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті, деп хабарлайды Zakon.kz
2026 жылғы 19 қарашада Астана прокуратурасы "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында шетелдіктер мен оларды қабылдайтын адамдарға көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндірді.
Прокуратура Қазақстан өз аумағында заңды негізде жүрген шетел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беретінін атап өтті.
"Шетел азаматтарының елде болу тәртібі заңмен белгіленген. Қабылдаушы тарап (жұмыс беруші, тұрғын үй иесі немесе қонақүй) шетелдік азаматтың келгені туралы ол елге кірген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті. Бұл талап елге келген барлық шетелдікке қатысты", – деп мәлімдеді Астана прокуратурасы.
Шетелдік азаматтың Қазақстанда қанша уақыт бола алатыны оның азаматтығына, визасының түріне және елге қандай негізбен кіргеніне байланысты.
"Шетелдіктің келгені туралы хабарлама оның елде болу мерзімін ұзартпайды. Қазақстанда заңды негізсіз белгіленген мерзімнен артық қалуға болмайды. Елде ұзағырақ қалғысы келетін шетелдіктер мұнда әрі қарай болуына құқық беретін құжаттарды рәсімдеуі қажет", – деп түсіндірді прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше, шетелдіктер тиісті органға дер кезінде жүгінсе, елдегі заңды мәртебесін сақтай алады.
"Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматтары да, оларды қабылдаған адамдар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп ескертті прокуратура.
Осыған байланысты Астана прокуратурасы шетел азаматтары мен қабылдаушы тарапты Қазақстан заңнамасын және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
2026 жылғы 14 қазанда Қазақстанда көші-қонды бақылау және шетелдіктерді есепке алу қағидалары жаңартылғаны белгілі болды. Ал 3 қарашада полиция Қазақстанда жүрген шетелдіктерге арнайы ескерту жасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:39, 19 қараша 2026
«Балқаш-ситидегі GTA 6»: капоты ашылып, ұшқын шашқан Mercedes оқиғасына қатысты полиция түсініктеме берді
-
15:29, 19 қараша 2026
ҰҚК шекара қызметі құны 510 млн теңгеден асатын темекі мен вейп контрабандасының жолын кесті
-
15:21, 19 қараша 2026
Айына 346 500 теңгеге дейін – 2027 жылдан бастап жұмысынан айырылғандарға қанша төленеді
-
15:14, 19 қараша 2026
Қазақстанда 20 қарашада салық есептілігін тапсыру және бірқатар салық пен төлемақыны төлеу мерзімі аяқталады
-
15:06, 19 қараша 2026
Ірі турнирде жеңіске жеткен киберспортшыны Астана әуежайында неге ресми түрде қарсы алмады





