Қазақстанда 20 қарашада салық есептілігін тапсыру және бірқатар салық пен төлемақыны төлеу мерзімі аяқталады
© Фото: freepik
Қазақстанда салық есептілігінің үш нысанын 2026 жылғы 20 қарашадан кешіктірмей тапсыру қажет. Қосылған құн салығын, акцизді және қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны төлеу мерзімі де осы күні аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 қарашаны қоса алғанда тапсырылатын салық есептілігі нысандары
- 328.00 нысаны – 2026 жылғы қазан айында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
- 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебі. Бұл нысанды 2026 жылғы қазанда жер пайдалану туралы шарт жасасқандар немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға не өндіруге лицензия алғандар тапсырады.
- 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы жөніндегі декларация. Оны 2026 жылғы қазанда рұқсат алғандар төлем сомасы 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін болған жағдайда тапсырады.
20 қарашадан кешіктірмей төленуге тиіс салықтар мен төлемақылар
- Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерден әкелінген тауарлар үшін 2026 жылғы қазан айының қосылған құн салығы (ҚҚС).
- 2026 жылғы қазан айының акцизі, оның ішінде ЕАЭО елдерінен әкелінген тауарлар бойынша акциз.
- Сомасы 100 АЕК-ке дейінгі қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:21, 19 қараша 2026
Айына 346 500 теңгеге дейін – 2027 жылдан бастап жұмысынан айырылғандарға қанша төленеді
-
15:06, 19 қараша 2026
Ірі турнирде жеңіске жеткен киберспортшыны Астана әуежайында неге ресми түрде қарсы алмады
-
14:57, 19 қараша 2026
«Екі жағдайда да қызметімнен кетемін»: Никол Пашинян күтпеген мәлімдеме жасады
-
14:46, 19 қараша 2026
Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды
-
14:35, 19 қараша 2026
Жапонияда көлік жүргізушінің жай-күйін бағалайтын технология әзірленді





