«Балқаш-ситидегі GTA 6»: капоты ашылып, ұшқын шашқан Mercedes оқиғасына қатысты полиция түсініктеме берді

15:39, 19 қараша 2026
MKZ: 1578641

© Сурет: Instagram/obyavkaa_po_ballkhash

2026 жылғы 18 қарашада Балқаш қаласының тұрғындары көшелердің бірінен ерекше көрініске куә болды. Алайда бұл жолы Голливуд фильмдеріндегі көрініске ұқсас оқиға аса ауыр салдарсыз аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға куәгерлері болған жайттың видеосын әлеуметтік желілерде жариялады. Кадрлардан капоты ашық, ұшқын шашып, жол бойымен жүйткіген Mercedes көлігін көруге болады.

Қазақстандықтар видеоға бірден әзілмен жауап беріп, түрлі болжамдарын жазды.

  • "Призрачный гонщик" (Елес шабандоз).
  • GTA 6.
  • Мұнда не болып жатыр?
  • Капоты да ашық екен. Қалай және қайда бара жатыр?
  • GTA 6. Балқаш-сити.
  • GTA 6 ойынының шығуын күтіп үлгеруге асығып барады.
  • Балқаштық дрифт.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі суперқаһармандар туралы фильмнің көрінісіне ұқсайтын видеоның мән-жайын түсіндірді.

Белгілі болғандай, 18 қарашада сағат 22:10 шамасында Балқаш қаласындағы Абай және Мусин көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz, Toyota Camry және Changan CS75 көліктері қатысқан жол-көлік оқиғасы болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz жүргізушісі дөңгелегі жарылуына байланысты рульге ие бола алмай, екі көлікпен соқтығысқан", – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында 14 жастағы оқушы қызды көлікпен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған әйел туралы жазған едік. Оқиға қараңғы уақытта болған. Куәгерлер әйелдің соңынан қуғанымен, жүргізушінің бұл жағдайға қатысты өз нұсқасы бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!