Ірі турнирде жеңіске жеткен киберспортшыны Астана әуежайында неге ресми түрде қарсы алмады
© Сурет: Instagram/danil.molodoy_
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ-да өткен брифингте Counter-Strike 2 ойынынан ірі турнирде жеңіске жеткен қазақстандық киберспортшы Даниил "molodoy" Голубенконы Астана әуежайында неге ресми түрде қарсы алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, спортшы елордаға жеке сапармен келген.
Ербол Мырзабосынов Қазақстанда ресми жарыстардан оралған барлық спортшыны қарсы алу тәртібі бар екенін еске салды.
"Мұндай жарыстарға әлем чемпионаттары мен Азия ойындары жатады. Ал бұл жолы спортшы жарыстан оралған жоқ. Ол жеке сапармен келді", – деді министр.
Оның айтуынша, Киберспорт федерациясы мен Спортты дамыту дирекциясы Голубенкоға қолдау көрсетіп келеді.
"Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және спортшыға қолдау көрсетеміз. Киберспорт федерациясы спортшымызды халықаралық аренада таныту үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр", – деді Ербол Мырзабосынов.
2026 жылғы 1 қарашада Даниил "molodoy" Голубенконың Counter-Strike 2 бойынша қатарынан үшінші ірі турнирде жеңіске жеткені хабарланған еді. 21 жастағы қазақстандық Бразилияның FURIA командасында өнер көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:21, 19 қараша 2026
Айына 346 500 теңгеге дейін – 2027 жылдан бастап жұмысынан айырылғандарға қанша төленеді
-
15:14, 19 қараша 2026
Қазақстанда 20 қарашада салық есептілігін тапсыру және бірқатар салық пен төлемақыны төлеу мерзімі аяқталады
-
14:57, 19 қараша 2026
«Екі жағдайда да қызметімнен кетемін»: Никол Пашинян күтпеген мәлімдеме жасады
-
14:46, 19 қараша 2026
Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды
-
14:35, 19 қараша 2026
Жапонияда көлік жүргізушінің жай-күйін бағалайтын технология әзірленді





