Шекара қызметі мемлекеттік қызметтің жаңа түрін көрсетпек
© Фото: primeminister.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, бұйрық жобасында "2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін енгізу көзделген.
Шекара қызметінің түсіндіруінше, жобаның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолайлы жағдай жасау, соның ішінде өтініш берушілер үшін бюрократиялық кедергілерді жою аясында осы қызметті көрсету тәртібін белгілеу.
Мемлекеттік қызметті көрсету 2026 жылдың төртінші тоқсанында басталады деп күтіледі.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 16 қазан 2026
Қазақстанда медицина мамандарын аттестаттау тәртібі жетілдіріледі
-
14:43, 16 қазан 2026
Таиландтан «тәттілер» салынған чемодандармен оралған қазақстандық қыз 16 жылға сотталды
-
14:38, 16 қазан 2026
Алматыдағы №3 мамандандырылған ХҚКО мен Көші-қон қызметтері орталығының мекенжайы өзгереді
-
14:30, 16 қазан 2026
Қазақстанда жүргізушілік емтихандар жеке автодромдарда да қабылдануы мүмкін
-
14:21, 16 қазан 2026
19 қазаннан бастап қазақстандықтарға скринингтен өту туралы SMS жіберіледі





