Астанада жаңбырдың соңы қарға ұласады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

16:28, 15 қазан 2026
MKZ: 1572565

© Фото: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК еліміздің үш ірі қаласында 2026 жылғы 16, 17 және 18 қазанда ауа райы қандай болатынын болжады. Астанада түнде 8 градусқа дейін аяз болып, жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Ал Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болмайды, бірақ күн айтарлықтай салқындайды.

Астана

16 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде бағыты ауыспалы жел секундына 1–6 метр, күндіз оңтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде −6…−8°С, күндіз +10…+12°С болады.

17 қазан: күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +9…+11°С болады.

18 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 4–9 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С болады.

Алматы

16 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +11…+13°С болады.

17 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +13…+15°С болады.

18 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +14…+16°С болады.

Шымкент

16 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +22…+24°С болады.

17 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +21…+23°С болады.

18 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +20…+22°С болады.

2026 жылғы 15 қазанда Қазақстанда жаңбыр мен қар жауып, өте қатты жел соғады, көктайғақ болады деп күтіледі. Болжанған қолайсыз ауа райына байланысты синоптиктер еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!