«Қар жауып, көктайғақ болады». Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 16 қазанда, жұмада Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтар еліміздің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын болжайды.
Шығыста жауын-шашын болып, негізінен қар жауады, көктайғақ болуы да мүмкін.
Бұдан бөлек бүкіл республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.
"Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде, сондай-ақ еліміздің оңтүстігінің таулы аудандарында тұман болатыны болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Болжамда Алматы облысында, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі мен орталық бөлігінде түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүретіні айтылады.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 16, 17 және 18 қазанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:43, 15 қазан 2026
ШҚО-да ашық түрде кісі тонаумен айналысқан күдікті ұсталды
-
19:31, 15 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
-
19:13, 15 қазан 2026
Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді алмасу рәсімі өтті
-
19:09, 15 қазан 2026
Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
-
19:08, 15 қазан 2026
Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан





