Таиландтан «тәттілер» салынған чемодандармен оралған қазақстандық қыз 16 жылға сотталды
© Фото: Zakon.kz
Астанада Таиландтан есірткі тасымалдау және оның заңсыз айналымына қатысты екі іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, бірінші іс бойынша 20 жастағы қыз ақшаға Таиландтан жалпы салмағы 4,7 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізген.
"Ол есірткіні тәттілердің атын жамылып алып өтпек болған. Жүк елорда әуежайына келген бойда анықталып, тәркіленді. Сот оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп хабарлады ведомство.
Екінші іс бойынша 39 жастағы ер адам 2024 жылы есірткіні күнделікті тұтыну тауарлары ретінде жасырып, Таиландтан Қазақстанға пошта арқылы жөнелтуді ұйымдастырған.
"Бұл есірткі партиясын алуға тиіс үш адам бұған дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Ал жөнелтуші іздеуде болған. Ұсталғаннан кейін ол сот алдында жауап беріп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп мәлімдеді көлік прокуратурасы.
Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін он қазақстандық елге миллиардтаған теңгенің темекі өнімдерін контрабандалық жолмен әкелгені үшін сотталған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:36, 16 қазан 2026
Астанада жаңбыр жауып, күн –3°C-қа дейін суытады, ал Алматы мен Шымкентте жылы ауа райы сақталады
-
15:29, 16 қазан 2026
Ақтөбеде тергеу изоляторына телефонды донерге жасырып өткізбек болған
-
15:18, 16 қазан 2026
Қаза тапқан альпинистердің денелері Эверест шыңына апарар жолда «бағдарға» айналған
-
15:08, 16 қазан 2026
Астаналықтарға қоғамдық көлікке қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
14:57, 16 қазан 2026
Қазақстанда медицина мамандарын аттестаттау тәртібі жетілдіріледі





