Шаттық пен толқыныс: Алматыда Білім күні қалай өтті

14:40, 1 қыркүйек 2025

© Сурет: Zakon.kz

1 қыркүйек – жаңа есептің басы. Біреулер үшін – 11 жылға созылатын ұзақ сапардың алғашқы қадамы, ал өзгелер үшін – ересек өмірге бастар соңғы серпіліс. Жаңа оқу жылы – әркім өзінің тарихын жазатын тап-таза парақ.

Мектеп ауласы бүгін мерекелік сахнаға көбірек ұқсайды: жалаушалар, әуен, гүлдер мен толқу сезімі. Алғашқы қадамын жасайтындар үшін – бұл жаңа өмір кезеңі, жаңа тарау. Ал он бірінші сынып оқушылары үшін – балалық шақтың соңғы аккордтарының бірі.

Сурет: Zakon.kz

Жаңа маусым. Жаңа оқу жылы. Жаңа тарих.

"Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын, бүгін – ерекше күн, Білім күні. Биыл бірінші сыныпқа 87 оқушы қабылдадық. Алдағы оқу жылында 61 түлек мектеппен қоштасады. Барлық шәкіртімізге табыс тілеймін. Балаларымыз мықты әрі сапалы білім алып, оны болашақта пайдалана білсін. Әсіресе, түлектер үшін бұл өте маңызды кезең – қайда оқуға баратынын таңдайды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтиже көрсетіп, мүмкіндігінше көбірек грант иегері атансын. Әр баланың арманы орындалсын", - деді №51 мектеп-гимназиясының директоры Қанат Ахманбетов.

Сурет: Zakon.kz

Алаң мерекеге сай безендірілген, колонкалар барынша күшейтілген, күн шуақты. Айналада телефон ұстаған ата-аналар. Камерада – басына үлкен бантик таққан қыздар, Уолл-стриттің жас кәсіпкерлеріндей костюм киген ұлдар: жылтыраған туфли, байсалды көзқарас, бірақ іштері алабұртып тұрғандай.

Басты кейіпкерлер – бірінші сынып оқушылары

Сурет: Zakon.kz

Алдыңғы қатарда – жаңа формадағы, қолдарында үлкен гүл шоқтары бар, толқып тұрғанымен, көздерінде үміт ойнаған бүлдіршіндер. Олар бүгін "Мектеп" деп аталатын жаңа әлемге аяқ басты. Әзірше ертеңгі күннің әдеттегі, мерекесіз, қарапайым болатынын сезініп үлгермеген.

"Қызым бірінші сыныпқа барды. Эмоция сан алуан: қуаныш, толқу, мақтаныш. Баламен бірге бәрін қайта бастан өткеріп жатқандаймыз. Әрине, қызы да уайымдады, дайындалдық, бірақ салтанатты жиыннан кейін оның көзі жанып тұрды, бақытты. Бұл – оның жаңа өмірінің бастауы, ересек әлемге алғашқы қадамы. Балалықпен шынайы қоштасуы. Біз, ата-аналар, тек қуанамыз әрі мақтанамыз", - дейді бірінші сынып оқушысының анасы Карина.

Оқушылар бір-біріне көз тастап тұр: қатар тұрғандар енді олардың "Есею" атты өмірлік сериалындағы серіктері болмақ. Достық, пікірталас, бірге өсу – бәрі алда.

Ал дәл жанында тұрған 11-сынып оқушылары соңғы балалық шақтың ләззатын сезініп, үлкен өмірге қадам алдындағы соңғы тынысын алып тұрғандай.

Сурет: Zakon.kz

1 қыркүйектегі салтанатты жиын – барлық оқиғаның бастауы сияқты, бірақ 11-сынып оқушылары үшін бұл – жауапты, тағдыршешті, ауыр оқу жылының алдындағы толқу десек те болады. Олардың көзімен бұл сәт – фильмнің ұзақ титрлерінің басталуы сияқты.

"Бірінші сынып оқушыларын көргенде естеліктер лап ете түсті. Біздің балалар да дәл солай кішкентай, жасқаншақ болып келген еді… Қазір ересек, сенімді, түлек атанғалы отыр. Жыл ауыр болатынын білеміз, бірақ ең бастысы – дайынбыз. Үмітпен, жарқын болашақты күтіп отырмыз", - дейді мектеп түлегінің анасы Жанна.

Сурет: Zakon.kz

Мұғалімдер – үлкен оркестрдің дирижерлері

Олар ойша алғашқы сабақтарды жоспарлап, тізімді қарап, әр оқушының мінезін есіне түсіріп тұр. Бірі креативті, бірі әр тапсырмаға қарсы шығады, бірақ бәрі жаңа идеяларға, қызықты тапсырмаларға толы оқу жылын асыға күтіп тұр. Әр жаңа жыл – оқушының кітабына, тарихына, өмірбаянына өз қолтаңбасын қалдыру мүмкіндігі.

Сурет: Zakon.kz

"Шынымды айтсам, жыл қорқынышпен басталды. Уақыт өтеді, балалар өзгереді. Биыл бірінші сынып алдым. Бірақ балаларды, ата-аналарды, мынау жылы шырайлы атмосфераны көргенде жүрегім жайланып, көңілім орнына түсті. Енді бәрі жақсы болады. Мен тек тыңдайтын балаларды емес, бізден де жылдам ойлайтын, жасанды интеллектіні бізден бұрын меңгеретін ұрпақты күтіп отырмын. Менің міндетім – оларды жеңіл өмір сүруге, достасуға, адал болуға үйрету", - дейді бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Мороз.

Соңында түлектер бірінші сынып оқушыларына қоңыраушалар мен жүрек пішініндегі әуе шарларын табыс етті.

Сурет: Zakon.kz

Осылайша, мектеп түлектері "мектеп жүрегін" кішкентай болса да сенімді қолға тапсырды. Енді олар дәстүрді сақтап қана қоймай, уақыт өте жаңа леп әкеледі деген сенім бар.

Сурет: Zakon.kz

Балалар сыныптарға тарасты. Әрқайсысының жолы бөлек, бірақ бәрінің бастау нүктесі бір – Білім планетасының жаңа айналымы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!