Анасы мен өгей әкесі балалардың көзін скотчпен байлап, орманға тастап кеткен

19:55, 25 қараша 2026
MKZ: 1579744

© Сурет: magnific

Португалияда Франция азаматтары Марин Руссо мен Марк Баллабрига балаларға қатыгездік көрсетті және оларды өміріне қауіп төндіретін жағдайда қалдырды деген айыппен жауапқа тартылды. Үш және бес жастағы екі бала сотта жауап берді. Олардың көрсетулері алдағы сот процесінде пайдаланылмақ.

SÁBADO басылымының прокуратураға сілтеме жасап жазуынша, анасы мен өгей әкесі үш және бес жастағы балаларды Алкасер-ду-Сал қаласының маңындағы елсіз орманды жерге апарған. Ересектер балалардың көзін скотчпен жауып, орманда жасырылған затты тауып алуға тиіс екенін айтып, мұны ойын ретінде түсіндірген. Содан кейін екеуі балаларды қараусыз қалдырып, көлікпен кетіп қалған.

Балалар біраз уақыт бойы бейтаныс орман ішінде өз беттерінше жүріп, өсімдіктерден, жабайы жануарлардан және басқа да кедергілерден қауіп төнген. Кейін оларды жергілікті наубайшы Александр Кинташ тауып алған. Балалардың жанында киім салынған рюкзактар, екі алма, бір бөтелке су және екі қорап печенье болған.

Іс материалдарында өгей әкенің балалардың бірі Захари Делионға дене жарақатын салғаны да жазылған. Айыптау нұсқасы бойынша, анасы болған жағдайды көргенімен, араша түспеген және ұлын қорғауға тырыспаған.

Айыпталушылардың әрқайсысына төрт қылмыс бойынша айып тағылған. Оның екеуі – тұрмыстық зорлық-зомбылық, қалған екеуі – балаларды өміріне қауіп төндіретін жағдайда қалдыру дерегі. Прокуратура балалардың жастарына байланысты орманда өздерін өздері қорғай алмағанын атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!