Сенатта «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартын өзгерту мәселесі қаралды

16:45, 12 желтоқсан 2019

Парламент Сенатының отырысында 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификацияланды, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында жасалған хаттама Ресей Федерациясы жалға алған жалпы алаңы 11,6 мың гектар жер учаскелерін Қазақстан Республикасына қайтаруды көздейді.

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров атап өткендей, жалға беруден 4 жер учаскесі шығарылады.

"Қайтарылатын жер учаскелері "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізін, Алматы-Мәскеу теміржолын салу және "Бейнеу-Шымкент" газ құбырының желілік бөлігі мен Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам ауылын дамыту үшін қайта бөлінеді", - деп атап өтті ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!