«Сен өмір сүруге тиіссің»: Оралда полицейлер әйел адамның өмірін сақтап қалды

10:01, 23 қаңтар 2025

© Фото: pexels

Орал қаласы полициясының мәліметінше, 2024 жылдың 22 қаңтарында кешкі уақытта 102 пультіне әйел адамнан хабарлама келіп түсті. Ол өз өмірін қиюға ниетті екенін жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына дереу Ермұхан Құбаш пен Бейбіт Айтмұханбетов құрамындағы патрульдік полиция экипажы жіберілді.

Белгіленген мекенжайға келген полицейлер пәтердің есігі ішінен құлыптаулы екенін анықтады. Уақытты жоғалтпай, олар есікті ашу үшін бар күшін салды. Ішке кірген кезде, патрульдік қызметкерлер жуыну бөлмесінде тұрмыстық техниканың сымын пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді көреді.

Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді. Абырой болғанда, әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол медицина мамандарына тапсырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!