Семейлік бойжеткендер арасындағы дау-дамай: ІІМ оқиғаның мән-жайын қайта тексереді
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 29 қаңтарда желіде шуға айналған семейлік қыздардың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде семейлік бойжеткеннің "жантүршігерлік" оқиғасы тараған болатын. Онда қыз түнде үйіне келер жолда көшедегі бейтаныс қыздың қоқаң-лоққысына тап болған. Бұдан кейін көшеге жалғыз шығуға жүрегі дауаламай қалған ол көп өтпей полицияға да арызданған.
"Жақында сталкингке қатысты жаңа заң күшіне енген болатын. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалған фактілер де бар. Заң жұмыс істей бастады, бірақ әлі де тәжірбиені қажет етеді. Дәл осы оқиға бойынша барлық мән-жайды анықтауға қосымша тапсырма беремін. Егер себептер табылып жатса, тиісті шаралар қабылданады", – деді Лепеха.
Сондай-ақ журналистер ІІМ өкілінен "Сталкинг" бабы бойынша қанша қылмыстық іс қозғалғанын сұрады.
"Сталкинг бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалған, бірақ олардың қаншасы сотқа жеткені туралы айта нақты алмаймын", – деп толықтырды министр орынбасары.
Еске салсақ, 2025 жылғы шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:34, 29 қаңтар 2026
Өлім жазасына тыйым салуды Конституция деңгейінде бекіту ұсынылды
-
17:29, 29 қаңтар 2026
Қарағанды облысының әкімі жаңа қоғамдық қызметке тағайындалды
-
17:23, 29 қаңтар 2026
Алматыда студенттер есірткі қылмысының жолын кесуге ат салысып, арнайы марапатқа ие болды
-
17:00, 29 қаңтар 2026
Енді жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұл төленбесе бірқатар қызметтер көрсетілмейді - жаңа заң жобасы
-
16:57, 29 қаңтар 2026
«Жаңа Конституция туралы мәселені қарастыру орынды деп санаймын» - Мәди Мырзағараев





