Семейде жүк тиегішті мас күйде басқарған жүргізуші жол апатын тудырды: үш адам зардап шекті
© Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Семейде 8 желтоқсан күні кешке Қаржабайұлы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, жүк тиегіштің жүргізушісі мас күйде болған, соның салдарынан қауіпсіздікке көз жеткізбестен бұрылыс жасаған. Нәтижесінде, Lada Priora көлігімен соқтығысты, көлік қатты соққыдан қарсы жолаққа шығып, Дулатов көшесінен шыққан Lexus-пен түйісті.
Апат салдарынан Lada Priora көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы орташа жарақат алды. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Тиегіштің жүргізушісіне денсаулыққа зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды.
Бұған дейін Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:10, 14 қаңтар 2025
Тоқаев қызмет барысында қайтыс болған полицейді наградтады
-
13:57, 14 қаңтар 2025
Интимдік сипаттағы материалдарды таратқан қылмыстық топ ұсталды
-
13:40, 14 қаңтар 2025
Қазақстандық мекемелер тамақ пен сусын сатудан қанша табыс тапты
-
13:27, 14 қаңтар 2025
Бектенов: Бәріміз қазақ спортының бәсекеге қабілетті болуы үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға тиіспіз
-
13:18, 14 қаңтар 2025
Қазақстан Бірыңғай шоттар жоспарын жаңартты