Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды
© Сурет: Instagram/celinedion
2026 жылғы 12 қыркүйекте 58 жастағы канадалық әнші Селин Дион алты жылдағы алғашқы жеке концертін беріп, үлкен сахнаға оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"My Heart Will Go On" әнінің орындаушысы сирек кездесетін неврологиялық дерт — ригидті адам синдромына (SPS) байланысты ұзақ уақыт өнер көрсетпеді. Бұл ауру бұлшықеттің қатты сіресуіне және ауырсынатын түйілуге әкеледі.
Аурудың алғашқы белгілері диагноз қойылғанға дейін бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ал 2022 жылғы желтоқсанда Дион дертке шалдыққанын көпшілікке алғаш рет айтты. Осыған байланысты ол гастрольдік концерттерін тоқтатып, бірнеше жыл сахнадан алыстады.
Концерт Париждегі 30 мың көрерменге арналған Plénitude аренасында аншлагпен өтті.
"Мен сіздер үшін, өзім үшін, өмір туралы ән айтқым келеді! Рақмет, Париж", — деп жазды Дион өткен концерттен түсірілген видеоға.
Әнші концерттен түсірілген бірнеше суретін де жариялады.
Дионның сахнаға қайта оралуы бір концертпен шектелмейді. Әнші Парижде 26 концерттен тұратын жаңа сериясын бастады. Ол 2027 жылғы мамырға дейін өнер көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:22, 14 қыркүйек 2026
Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 15 мыңға жуық бала дүниеге келген
-
17:10, 14 қыркүйек 2026
Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
17:01, 14 қыркүйек 2026
«Қазақстан сияқты елдер жаһандық шешімдер қабылдауда салмақтырақ дауысқа ие болуы керек» – Леонид Млечин
-
16:55, 14 қыркүйек 2026
Туған күнге атылған отшашу айыппұлға әкелуі мүмкін
-
16:50, 14 қыркүйек 2026
Өскемен тұрғыны алаяққа алданып, 3 млн теңгесінен қағылды





