«Сәл күте тұру керек еді»: алматылық фотограф Ақтас үстіртіндегі күн батуын түсіріп алды
© Сурет: Instagram/dots_foto
Күзгі таулар әлі де әсем көріністерімен таңғалдыруда. Бұған алматылық фотограф Дмитрий Доценконың түсірген суреттері дәлел, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фотографтың айтуынша, ол Ақтас үстіртіне бұлтты күні көтерілген. Ауа райына байланысты ерекше кадрлар түсіруге аса үміттенбеген: тауларды бұлт басып, айнала сұрғылт түске боялған.
"Сол кезде құстарды түсіріп қалармын деген үмітпен телеобъективімді алдым. Бірақ жол бойында құстар да кездеспеді. Біраз уақыт тау бөктерін аралап, қазірдің өзінде аязға жақын таза ауамен тыныстаған соң, төмен түсуге жиналдым. Сол сәтте таулардың үстінен бұлт арасындағы шағын ашық жерлерді байқадым. Тағы бір сағаттай күтіп, не болатынын көруге шешім қабылдадым. Өкінген жоқпын!" – деді Дмитрий Доценко.
Фотографтың сөзінше, уақыт өте келе бұлт арасындағы ашық жерлер кеңейіп, таулар біртіндеп көріне бастаған. Күн де көкжиекке жақындап, оның жұмсақ сәулелері бұлттар қоршаған тау шыңдарын жарыққа бөлеген.
"Көріністің әдемілігі соншалық, неден бастап түсірерімді білмей, бір сәт абдырап қалдым. Бірақ көп ұзамай тау пейзаждары аспанға қарай бой түзеген тіп-тік Тянь-Шань шыршаларымен үйлескенде ерекше көрінетінін түсіндім. Ақтас маңында мұндай ағаштар көп. Олардың кейбірі өте биік, тау шыңдарымен бірге көкке ұмтылғандай көрінеді. Қолайлы ракурс іздеп, тау бөктерін біраз аралауға тура келді. Бірақ нәтижесі соған тұрарлық болды. Таулардың, шыршалардың және күн батар шақтағы жарықтың үйлесімі ерекше әсерлі бірнеше кадр түсірдім. Кейде айналадағы көріністің мүлде басқаша құбылуы үшін сәл ғана күту жеткілікті. Сіздерге де Іле Алатауының осы сұлулығын тамашалауды ұсынамын", – деді фотограф.
Фотографтың оқырмандары оның жұмысына алғыс айтып, суреттері арқылы тауларды аралағандай әсер алғандарын жеткізді.
"Нағыз фотографтың көзімен берілген ғажайып сұлулық!"
"Өте әдемі суреттер! Жұмысыңызға тәнтімін. Кадрларыңыздан жылылық пен қуаныш сезіледі. Үлкен рақмет!"
"Алматының таулары қайталанбас сұлу".
"Керемет көрініс!"
"Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес сұлулық!"
"Біздің арамызда барыңыз қандай жақсы. Суреттеріңізге қарап, сізбен бірге тауды аралағандай боламын".
"Тамаша фотосуреттер! Олардың құндылығы өте жоғары".
Айта кетейік, бұған дейін, 2026 жылғы 21 қазанда Алматының Бас ботаникалық бағында аңызға айналған "сиқыршы жаңғағы" өсімдігінің гүлдегені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:41, 22 қазан 2026
Әл-ауқат санаты мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға әсер ете ме?
-
16:32, 22 қазан 2026
Телефон немесе пауэрбанк өртенбеуі үшін не істеу керек
-
16:24, 22 қазан 2026
Алматыда қар жауып, түнде –6°С-қа дейін суытады: үш қалаға арналған үш күндік ауа райы болжамы
-
16:15, 22 қазан 2026
Алматыда жолаушы көп жиналған аялдамаларға бос автобустар жіберіледі
-
16:03, 22 қазан 2026
Қазақстанда жартылай асыл тасы бар жаңа монета айналымға шығады





