Әл-ауқат санаты мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға әсер ете ме?
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Отбасы банктің алғашқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы департаментінің директоры Азат Әшімов 2026 жылғы 22 қазанда Астанада өткен конференцияда баспана беру кезінде азаматтардың әл-ауқат санаты ескеріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер азаматтың әл-ауқат санаты оның мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне әсер ете ме деп сұрады.
"Қазіргі таңда біз жүзеге асырып жатқан қолдау тетіктеріне мұндай талаптар енгізілген жоқ. Біз қолданыстағы нормаларға сәйкес жұмыс істейміз. Яғни жалға берілетін немесе кредиттік тұрғын үй ұсыну кезінде азаматтардың табыс деңгейі ескеріледі", – деді Азат Әшімов.
Ол Отбасы банк заңнамада белгіленген талаптарды орындаушы екенін еске салды.
"Егер тиісті мемлекеттік орган мұндай талаптарды енгізіп, оларды біздің банк арқылы жүзеге асырылатын қолдау тетіктеріне қолданатын болса, біз сол талаптарды орындаймыз. Бірақ қазір мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде азаматтар алатын әлеуметтік жәрдемақыларды, сыйлықақыларды және "Отбасының цифрлық картасы" арқылы шектеу жоспарланып отырған төлемдерді есепке алмайтынымызды атап өткім келеді. Біз тек еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты ғана қарастырамыз", – деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Азат Әшімов қазақстандықтардың мемлекеттен баспана алу үшін қандай айлаға баратынын айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 22 қазан 2026
«Дөңгелек, автокөлік бөлшектері». ІІМ алаяқтықтың жаңа бір толқыны туындағанын ескертті
-
17:02, 22 қазан 2026
АЭС құрылысы және ядролық қауіпсіздік: Тоқаев Сәтқалиевтің есебін тыңдады
-
17:02, 22 қазан 2026
АЭС құрылысы және ядролық қауіпсіздік: Тоқаев Сәқалиевтің есебін тыңдады
-
17:00, 22 қазан 2026
Стриминг, кабель әлде спутник ТВ: 2026 жылы Қазақстанда нені таңдаған дұрыс
-
16:55, 22 қазан 2026
Әлемде алғаш рет сирек кездесетін Шамонда вирусын жұқтырған науқас қайтыс болды





