«Бұрқасын, көктайғақ, үсік». Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
© Фото: zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылдың 22 қазанында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Астанада 22 қазанда солтүстік-батыстан соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарына қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде 22 қазанда жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұоран соғып, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Семейде 22 қазанда жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл соғады, аталған өңірлерде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 22 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 22 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсетіні болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 22 қазанда аздап жауын-шашын (жаңбыр, кар) жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Қонаевта 22 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда 22 қазанда таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 22 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түсетіні болжанады. Түнде және күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда 22 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсетіні де болжанады. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 22-24 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:34, 21 қазан 2026
Шымкентте арнаулы қызмет сарбаздары полицейді ұстады
-
20:40, 21 қазан 2026
«Көлігінің кілтін тартып алған». Шымкентте кәсіпкерден басбұзарлар 10 млн теңге талап еткен
-
20:30, 21 қазан 2026
Қазақстандық мергендер Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алды
-
20:20, 21 қазан 2026
Павлодарда шұғыл дабыл белгісімен жүйіткіген жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
-
19:57, 21 қазан 2026
Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата-анасы табылды





