Полиция алаяқтардың тағы бір психологиялық айласын әшкерелеп, көпке ескерту жасады

17:59, 21 қазан 2026
MKZ: 1573653

© Фото: zakon.kz

Абай облыстық полиция департаменті 2026 жылғы 21 қазанда интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы хабарлап, ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтар алдымен байланыс операторы, аурухана немесе коммуналдық қызмет өкілі болып қоңырау шалады.

"Кейін басқа адам өзін "киберполиция қызметкерімін" деп таныстырып, алдыңғы қоңыраудың алаяқтардан болғанын айтады. Ақшаңызға қауіп төніп тұрғанын айтып, оны "қорғау" сылтауымен SMS-кодтарды, банк деректерін сұрайды немесе қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді", - дейді полициядан.

Құзырлы орган мұның барлығы алаяқтық белгілері екенін ескертеді.

Полиция қызметкерлері телефон арқылы банк құпиясөздерін, SMS-кодтарды сұрамайды және ақшаны басқа шотқа аударуды талап етпейді.

Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • ешкімге SMS-код пен құпиясөзді айтпаңыз!
  • бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз!
  • "қауіпсіз шот" туралы сөзге сенбеңіз!
  • күмәнді қоңырауды дереу тоқтатып, ақпаратты ұйымның ресми нөмірі арқылы тексеріңіз.
  • деректеріңізді беріп қойсаңыз, бірден банкке хабарласыңыз.

Сақ болыңыз! Бұл ақпаратты жақындарыңызға да жеткізіңіз!

Бұған дейін


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!