Сауль Альварес - Эдгар Берлангтың бокс кеші: Бек Нұрмағанбет мерзімінен бұрын жеңіске жетті

09:30, 15 қыркүйек 2024

© Сурет: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 КО) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен Сауль "Канело" Альварес - Эдгар Берлангтың бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бек Нұрмағанбет америкалық боксшы Джошуа Конлимен (17-6-1, 11 КО) бүгін түнде қолғап түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бастапқыда супер орта салмақтағы бұл жекпе-жек алты раундтан тұрады деп жоспарланған. Алайда ол екінші раундта мерзімінен бұрын ақталды. Осылайша Қазақстан боксшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл - Бек Нұрмағанбеттің кәсіби мансабындағы 12-ші жеңісі, ал Джошуа Конли кәсіби рингте жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетсек, Нұрмағанбеттің бұл - АҚШ-тағы төртінші жекпе-жегі және Лас-Вегастағы екінші жекпе-жегі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!