Астанада Сейфуллин көшесі екі аптаға ішінара жабылады

19:28, 18 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сәкен Сейфуллин көшесінің Сарыарқа даңғылынан бастап, Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскесі жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жол учаскесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіні нақтыланады.

"Осыған байланысты 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады", деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!