Сан мың қыз ғашық тай елінің қос кино жұлдызы Астанада жүр

13:40, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: gov.kz

Әлеуметтік желіде миллиондаған жанкүйері бар тай киносының жұлдыздары Тирадет Метаварают және Чатаватх Паттаракампол Астанада келді. Олардың сапары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен тұспа-тұс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан астанасына келген актерлер көрікті жерлерді аралап, этноауылдың қызығын көрді, сол сияқты Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалады. Олар әлеуметтік желідегі парақшаларында Бәйтерек монументі мен қазақтың аңшы иті – тазының суретін жариялап, сапардың ұнағанын атап өтті, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Астанаға осымен екінші рет келген Тирадет пен қалаға алғаш рет келген Чатаватх жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығына және елорданың ерекше атмосферасына таңданысын білдірді. Олар заманауи архитектуралық жетістіктердің көшпелі халықтардың бай мәдени тарихымен үйлесіп тұрғанын жоғары бағалады", делінген хабарламада.

Актерлер Астананың тазалығы, заманауи стильде салынған ғимараттары және кешкі серуендеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тамаша жарықтандыру жүйесі үлкен әсер қалдырғанын атап өтті. Олар сондай-ақ қазақ халқының ұлттық тағамдары мен қонақжайлығына таң қалды.

Тирадет пен Чатаватх осындай маңызды іс-шараға қатысқандарына ризашылық білдіріп, Астана қауіпсіз әрі жайлы саяхат үшін тамаша орын екенін атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!