Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымында даниялық теннисшімен ойнайды

17:03, 5 шілде 2024

© Сурет: ktf.kz

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шыққанымен, Зигемунд таразы басын теңестірді. Дегенмен қазақстандық спортшы қатарынан үш геймді алды — 6:3.

Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Рыбакина есепті теңестірді — 2:2. Алайда сет Зигемундтің еншісінде кетті — 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Рыбакина ақыры дегеніне жетті — 6:3.

Енді Елена үшінші айналымда әлем рейтингіде кезінде көш бастаған, қазір 91-орындағы даниялық Каролина Возницкимен жолығады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!