Ролан Гаррос турнирі: Михаил Кукушкин іріктеу жарысының финалына өтті

17:16, 23 мамыр 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция ашық чемпионатында талай рет бақ сынаған 36 жастағы теннисші бұл жолы іріктеу сайыстарының жартылай финалында аустралиялық Ли Тудың меселін қайырды.

Кукушкин матчты 6:4, 6:2 есебімен аяқтады.

Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 206-ракеткасы, италиялық Франческо Маэстреллимен шеберлік таластырады. Оны ұтса, Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алады. Матч ертең өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!