Роберт Фицоға жасалған қастандық: сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындады

11:36, 19 мамыр 2024

© Сурет: Facebook/Юрай Цинтулу

Пезинок қаласындағы арнайы қылмыстық соты Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасады деп күдіктіні тергеу изоляторына тоғыту туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

SME агенттігінің ақпаратына сәйкес, 71 жастағы жазушы, елдегі оппозициялық либералдық партияның жақтаушысы Юрай Цинтулу сот алдында өз кінәсін мойындады.

Шетелдік БАҚ күдікті өзінің іс-әрекетін Үкіметтің саясатымен келіспейтіндігімен түсіндірді деп жазады. Қарулы шабуылға ұшыраған Словакия Премьер-министрі ауруханада жатыр.

2024 жылдың 15 мамырында белгісіз адам Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қару кезеп, бірнеше рет атты. Еуропалық саясаткердің өміріне жасалған қастандықты көптеген ел басшылары, соның ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айыптады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!