Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

09:31, 8 қыркүйек 2024

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті.

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!