Ризабек Айтмұхан Испанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына шықты

21:48, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында отандасымыз Ризабек Айтмұхан финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жартылай финалдық белдесуде Ризабек америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді.

Турнир барысында ол Грекия және Иран балуандарын ірі есеппен ұтқан болатын.

Финалда Ризабек Айтмұхан әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі.

Алтын медаль үшін өтетін кездесу ертеңге жоспарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!