Рио-де-Жанейрода күн 62,3 градусқа дейін ысыды

12:10, 19 наурыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында күн 62,3 градусқа дейін ысыды. Бұны жергілікті синоптиктер сенсациялық рекорд деп отыр.

Ал елдің мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аптап ыстықтан сая іздеген жұрт жағажайлар мен бассейндерге ағылып жатыр.

Бірақ кейбір аудандарда ішетін және шомылатын су тапшы.

Рио оперативтік орталығының мәлімдеуінше, күннің былайша ысуына - теңіздің жақындығы мен солтүстіктен жылы желдің жиі соғуы себеп.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!