Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

09:19, 27 сәуір 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтіліп, оған ТЖД қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және қосымша күштер жұмылдырылғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство атап өткендей, су басу қаупін азайту мақсатында Атырау қаласында 113 учаскеде 239,7 км бөген салынды.

"Жағдай қатаң бақылауда. Жайық өзенінің су деңгейін мониторингілеу тәулігіне 4 рет жүргізіледі", делінген хабарламада.


25 сәуірде ТЖМ Батыс Қазақстан облысына жеткен үлкен су ақырындап Атырау облысына бағыт алғанын хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!