30 жыл бұрын Ыстықкөлде қыз зорлаған ер адам Павлодарда ұсталды

09:57, 27 сәуір 2024

© Сурет: pexels

Екі күнде Павлодар облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың арасында 30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда ұсталды.

"1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында қыз зорлаған ер адам облыс орталығында (Павлодарда) ұсталды", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ ол Павлодарда қарақшылық жасап, жасырынып жүрген күдіктінің де ұсталғанын жеткізді.


"Ресей Федерациясының Түмен қаласында Қазақстанда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті құрықталды", делінген хабарламада.

2024 жылдың 26 сәуірінде Шымкентте қала тұрғындарының ақшасын күштеп тартып алған жалған полицейлер ұсталғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!