Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды

20:46, 26 сәуір 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (50 WTA) Испания астанасында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия қытайлық Чжэн Циньвэньді 7:5, 2:0 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші екінші сетте 2:0 есебімен алға шыққанда Чжэн жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Үшінші айналымда қазақстандық америкалық Кэролайн Долехидке қарсы ойнайды.

Путинцева турнирдің алғашқы кезеңінде тағы бір қытайлық Юань Юэден басымырақ түсті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!