Ақтөбе облысында даладағы малын қарауға кетіп, үйіне оралмаған ер адам өлі күйінде табылды

16:58, 27 сәуір 2024

© Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Ырғыз ауданында далада жайылып жүрген малын қарап келу үшін атқа отырған 39 жастағы ер адам ұшты-күйлі жоғалған. Іздестіру шаралары барысында ер адамның денесі Ырғыз өзенінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 сәуірде Ырғыз ауданы полиция бөліміне 39 жастағы ер адамның белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша туыстары арызданды. Туыстарының айтуынша, жоғалып кеткен адам бір күн бұрын атпен Қарақоға деп аталатын жерге мал қарауға кетіп, қайтып оралмаған.

"Полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың күшімен іздеу шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 26 сәуірде Ырғыз өзенінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды", делінген полиция хабарламасында.

Құзырлы ведомство өзен арнасының бұл бөлігі су басу аймағына жатпағанын нақтылайды.

Айта кетсек, Жетісу облысында да төрт күн бұрын мал жаюға шығып, жоғалып кеткен 29 жастағы жігіттің денесі судан табылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!