Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды

09:54, 18 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады.

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қаласының прокуратурасы берген ақпаратқа сай, 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi "Республикалық референдум туралы" және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн түсiндiредi.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!