Қазақстан итбалықтар үшін табиғи резерват құруға дайындалуда
© Сурет: pixabay
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің тиістілігінің заттай нормаларын бекіту туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, құжат АШМ Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын белгілейді.
Министрліктің ақпаратынша, мемлекет басшысы 2022 жылғы қарашада Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, олардың мекендеу және көбею аумағын қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақты құруды тапсырды.
Осыған байланысты, ғылыми зерттеулер негізінде 2023 жылы мемлекеттік табиғи резерват құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелері әзірленді.
Тиісті штат саны бар дербес заңды тұлға түрінде мемлекеттік табиғи резерват құру ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда балық шаруашылығы комитеті материалдық-техникалық жарақтандырудың тиімділік нормаларын әзірлеуде.
"Осылайша, әзірленген бұйрық жобасы резерваттың жұмысы үшін қажетті көліктер мен ғылыми-зерттеу және оңалту бөлімшелеріне арналған жабдықтарды, сондай-ақ инфрақұрылым объектілеріне арналған жабдықтарды көздейді",- деп түсіндірді АШМ.
Осылайша, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін табиғи резерваттың толыққанды жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Құжат 3 қазанға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 21 желтоқсан 2024
«Боран соғып, қар бұрқасындатады». 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді
-
17:32, 21 желтоқсан 2024
Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды