Қорғаныс министрлігі еліміздің екі өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
© Сурет: gov.kz
2024 жылы 18 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама таратты. Елімізде "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілгелі жатқаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство ескертуіне сәйкес:
"2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады".
Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сену сұралады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 15 қазан 2024
Албанияда өтетін күрестен әлем чемпионаты: маңызды турнирде Қазақстан намысын кімдер қорғайды
-
16:56, 15 қазан 2024
Тимур Сүлейменов: Ұлттық қордағы алым түсімдерден асып түсті
-
16:48, 15 қазан 2024
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
-
16:43, 15 қазан 2024
Түркістан облысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады
-
16:35, 15 қазан 2024
Жоғалған қазақстандық «бөтелкелесінің» мұздатқышында бөлшектенген күйі табылды