Астанада Франциядан табылған тарихи құнды қолжазбаның көшірмесі басып шығарылды
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы "Архив 2025" бағдарламасы аясында Франциядан табылған Қазақстан тарихына қатысты құнды қолжазбаның көшірмесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Франция Ұлттық кітапханасында сақталған "Таңдамалы шежірелер" тарихи шығармасы хижраның 816 жыл, яғни 1413 жылы Ширазда жазылған. Яғни, бұл шығарма XV ғасырға тән. Парсы тілінде араб жазуымен жазылған кітап 15 тақырып бойынша 15 тараудан тұрады.
"Кітап 413 бетті құрайды. Атап айтқанда, кітапта Ақ Ордаға толық сипаттама беріліп, Ақ Орда хандарының билігінің толық хронологиясы қамтылған. Сондай-ақ, Ақ Орда билеушілерінің аты-жөні, әкелері мен шешелерінің аты-жөні және жерленген жерлері туралы құнды кесте берілген. Кітапта Алтын Орданың Көк және Ақ Ордаларға ыдырау кезеңі сипатталған. Сонымен қатар, Сығанақта Ақ Орданың 10 билеушісі жерленгені туралы да айтылады", делінген хабарламада.
Муин ад Дин Натанзи XIV ғасырдың екінші жартысында Исфахан маңындағы Натанз ауылында (Иранда) дүниеге келген. Давлатшах Самарқандидің «Тазкират аш-шуаро» («Ақындардың өмірбаяны») шығармасына сәйкес, XV ғасырдың басында Муин ад Дин Натанзи Ширазда Мырза Искандер (Әмір Темірдің немересі) сарайында тұрды және Хайдар Хорезми, Хафиз Хорезми және т. б. сияқты ақындардың замандасы болған.
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:49, 13 қазан 2024
Әмір Омарханов ATP 250 Almaty Open турниріндегі тартысты матчта жеңіліп қалды
-
14:28, 13 қазан 2024
Данилина мен Хромачева жұбы Ухандағы WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды
-
14:14, 13 қазан 2024
Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті
-
13:56, 13 қазан 2024
Анталияда әуежайға қону кезінде ұшақтың доңғалағы жұлынып кетті
-
13:56, 13 қазан 2024
Анталияда әуежайда қону кезінде ұшақтың доңғалағы жұлынып кетті