Wildberries кеңсесіндегі қантөгіс: Татьяна Бакалчук күйеуіне видео үндеу жолады
© Сурет: видеодан алынды
18 қыркүйекте Wildberries ресейлік маркетплейсінің негізін қалаушы және бас директоры Татьяна Бакалчук өз компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде болған қантөгіске байланысты күйеуіне видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеоны ол Telegram-дағы арнасында жариялады.
"Қарулы адамдар біздің кеңсемізге баса-көктеп кіріп, оқ атып, айналаны талқандады. Жас жігіттер опат болды. Владислав, не істеп жатқаныңды білесің бе өзі? Ата-анаңның, балаларымыздың көзіне қалай қарайсың ертең? Бұл не еткенің? Жағдайды осындай абсурдқа қалай жеткіздің?", - деді Бакалчук көзіне жас ала.
Айта кетсек, ресейлік БАҚ Владислав Бакалчуктың ұсталғаны туралы жазуда. Оған қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Wildberries ресейлік маркетплейсінің негізін қалаушы және бас директоры Татьяна Бакалчук бүгін, 2024 жылы 18 қыркүйекте Мәскеудегі кеңселерін әлдекімдердің басып алмақ болғанын айтты. Оның айтуынша, бірнеше адам жарақат алған. Кейінірек екі адамның қаза тауып, жеті адамның зардап шеккені белгілі болды.
2024 жылы 23 шілдеде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Wildberries-тің негізін қалаушы Татьяна Бакалчуктың күйеуі Владиславпен кездескеннен кейін компанияда "ашық және дөрекі рейдерлік басып алу әрекеті" жүріп жатқанын айтты. Бірақ танымал маркетплейстің негізін қалаушы бұл мәлімдемені жоққа шығарып, оны басып алу емес, ажырасу екенін атап өтті.
Татьяна Бакалчук өзінің кепілге алынбағанын, ал Wildberries-ті ең ірі сыртқы жарнама операторы RUSS Outdoor компаниясымен біріктіру туралы шешім компанияның өсу мен даму қарқынын сақтау үшін қажет екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:23, 15 қазан 2024
Астанада зергерлік дүкенде жасалған ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалды
-
17:10, 15 қазан 2024
Албанияда өтетін күрестен әлем чемпионаты: маңызды турнирде Қазақстан намысын кімдер қорғайды
-
16:56, 15 қазан 2024
Тимур Сүлейменов: Ұлттық қордағы алым түсімдерден асып түсті
-
16:48, 15 қазан 2024
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
-
16:43, 15 қазан 2024
Түркістан облысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады