Республика күніне орай Алматы халықаралық әуежайында туристерге қазақстандық шоколад ұсынылады

12:52, 24 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

2024 жылдың 25 қазанында Республика күніне орай Алматы қаласының Туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы және ҚР ҰҚК Шекара бақылау басқармасымен бірлесіп "Қонақтарға тәтті сый" акциясын ұйымдастырады.

Паспорттық бақылаудан өту кезінде қала қонақтарына қазақстандық шоколад ұсынылады.

Мерекелік акция 45-тен астам рейс пен 5 мыңға жуық жолаушыны қамтиды. Сонымен қатар, әуежай аумағында ұлттық мереке туралы ақпараттық баннер орнатылады, мұнда Алматы қонақтары батырлармен, ұлттық киімдегі арулармен суретке түсе алады.

Бұл акция Алматының елдегі ең ірі туристік орталықтардың бірі ретіндегі имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Іс-шара туристерді тартуға, жағымды әсер қалдыруға және халықаралық қонақтарға өз тарихымыз бен рухани құндылықтарымызға деген құрметті көрсетуге бағытталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!