Ресейлік кеденшілер елге 17 тонна қазақстандық бұрышты өткізбеді
© Сурет: Тюмень кедені баспасөз қызметі
Тюмень кеденінің және Урал өңіраралық Россельхознадзор басқармасының қызметкерлері Ресей нарығына заңсыз 17 тонна тәтті бұрыш өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тюмень кеденінің мәліметінше, тауар Қазақстаннан Мәскеуге сату үшін әкелінген.
"Бақылау барысында кеденшілер өткізілетін өнімде міндетті таңбалау болмағанын анықтады. Атап айтқанда, өндіруші, атауы, шыққан елі, экспорттаушы елі, өнімді сақтау шарттары мен мерзімдері туралы деректер",-деді кеденде.
Өнімді өткізу тәртібін бұзу фактісі бойынша Россельхознадзор өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Ал көкөністер толы жүк көлігі Қазақстанға қайтарылды.
Бұған дейін Ақтөбе облысында Өзбекстаннан әкелінген 2,5 тонна шығыс жеміс жемірімен зақымдалған шабдалы партиясының көзі жойылғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 25 қыркүйек 2024
Үстел теннисінен Астанадағы Азия чемпионатының толық жарыс кестесі
-
17:47, 25 қыркүйек 2024
Бектенов Ақтау, Құрық теңіз порттарын дамыту жоспарымен танысты
-
17:39, 25 қыркүйек 2024
Павлодарда бірқатар лифт компаниялары қызмет көрсету бағасын негізсіз көтерген
-
17:22, 25 қыркүйек 2024
Қостанай облысында колонияға заңмен тыйым салынған заттарды лақтырғандар ұсталды
-
17:07, 25 қыркүйек 2024
Күрестен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды