Оралда полиция қызметкері көлігімен әйел адамды қағып, мерт етті

19:15, 24 қыркүйек 2024

© Сурет: akorda.kz

19 қыркүйекте сағат 6:15-те Оралда Пугачев көшесінде ВАЗ-21703 көлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйелді қағып кетті. Зардап шегуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, жол апаты фактісі бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алғанын хабарлайды.

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Көлік жүргізушісі полиция қызметкері екені нақтыланады.

Осы жайттан соң полиция қызметкері Ішкі істер органдары қызметінен босатылды.

Бұған дейін Өскеменде полицей көлігімен жаяу жүргіншіні қағып, мерт еткені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!