Ресейдің Челябі облысында бөгет жарылып, ТЖ режимі жарияланды

09:56, 27 шілде 2024

© Сурет: видеодан алынды

26 шілдеде Челябі облысының Қарабаш округінде бөгеттің бұзылуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

360.ru сайтының Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, адамдар үйлерінің төбесіне шығып, жан сақтауға мәжбүр. Су басу аймағында 200-ге жуық адам бар екені айтылады.

"Қарабаш әкімшілігі тоқтаусыз жауған жаңбырдан кейін судың деңгейі күрт көтеріліп, бөгет бұзылғанын мәлімдеді. Бес ауылдың тұрғындарын эвакуациялау жоспарланып отыр. Оқиға орнында коммуналдық қызметтер мен басқа да ведомстволардың мамандары жұмыс істеп жатыр", - деп жазды басылым.


Бұған дейін сәуір айында Орал қаласының Куреней ауданында бөгет жарылған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!